04 ақпан күні мектебіміздің 4 «А» сыныбында «Батылдық пен табандылық» атты тақырыпта өткізілген ашық сабақ өзін-өзі тану пәнінің әдістемелік құрылымын сақтай отырып, балаларды белсенді іс-әрекетке жұмылдырып жоғары деңгейде өтті.
Мұғалім сабақ барысында техникалық құралдарды қолдана отырып тақырыпты жан-жақты ашып, бүлдіршіндердің көкірегін құндылықтармен толтыра білді. Батылдық, өжеттік, адалдық қасиеттерін сабақтың әр кезеңінде аша отырып, балаларды батыр ата, апаларымыздың рухымен сусындатты.
Балалар шығармашылық тапсырмаларды аса белсенділікпен, қызығушылықпен орындап, өз ойларымен бқлісіп жатты.
Балалар жауапкершілікті де түсініп, адалдықпен өмірсүру керектігін жүректерімен сезініп сабақтан жақсы әсерленді.
Сабаққа қатысқан мұғалімдердің арсынан Мәуленов Сәкен Сейітұлы сабақтың соңында балаларға жақсы тілегін айтып, олардың сабақта белсенділігі үшін алғысын білдірді.