"БАСТАУЫШЫМ - БАСТАМАМ" бастауыш сынып апталығы аясында жерлес жазушы Сафуан Шаймерденовтің туғанына 100 жыл толуына орай "Көркем сөз" мәнерлеп оқу сайысы өтті. Мәнерлеп оқу сайысында бастауыш сынып оқушылары жазушының "Инеш", "Жұлынбаған қызғалдақ", "Бұлтартпас дәлел", "Бала тапқырлығы", "Бауыржанның сабағы", "Көкпарға тайынша тартқан", "Жеңіс пен жеңіліс", "Көршінің кесірі" т.б. шығармаларынан үзінділер оқылды. І дәрежелі дипломмен 2 "а" сынып оқушысы Серкеш Омар, ІІ дәрежелі дипломмен 1 "а" сынып оқушысы Базарбаев Асанали, 4 "ә" сынып оқушысы Алгожина Адема иеленсе, ІІІ дәрежелі дипломды 3 "а" сынып оқушысы Ержан Ерасыл, 2 "б" сынып оқушысы Сабырова Жанерке иеленді.