Халықтың жүрегінен орын алған ақындардың тарихтағы баға жетпес орнын паш ету, оқушылар арасында ақындардың мол мұрасын насихаттау, өлеңдерін мәнерлеп оқуға үйрету мақсатында 3-4 сынып оқушыларымен «Мәнерлеп оқу» байқауы өтті. Байқауды өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі,тәжірибелі ұстаз Мара Жамбылқызы ұйымдастырды. «Өзін-өзі тану» апталығында тіл құзіреттілігін арттыру,тілге деген құрмет көрсету мен оқушы бойында патриоттық сезім қалыптастыру да басты бағыт болды. Әр сынып оқушысы жауапкершілікпен қатысты.Өз білімдерін, шеберліктерін байқатты. Оқыған мәтіннің бейнелік жүйесі мен мазмұндық құрылымын терең сезінуге талпыныс жасаған.Жыл керуені жылжыған сайын артына өшпес мұрасы қалған ақындар ұмытылмайды.Асыл сөздері көзі ашық көкіректерге нұр боп құйыла берері хаһ. Ерекше өнерімен көзге түскен 4 «Д» сынып оқушысы Қадай Рашид, 4 «В» сынып оқушысы Амангелдиева Назерке, 4 «Б» сынып оқушысы Нұртаев Мансұр, 4 «А» сынып оқушысы Тілеубек Алихан, 3 «В» сынып оқушылары Құлмағанбет Шұғыла, Қалимат Нұрай. Оқудан,білімге ұмтылудан,ізденуден жас ұрпақ жалықпайды. Игілікті істер өз жалғасын таба береді!