Инновациялық мектептердің директорлары жұмыс тәжірибелерімен бөлісіп, сонымен қатар өзекті мәселелерді қозғады, олардың ішінде осы мектептерде дарынды балалармен сабақ өткізу үшін сағаттарды көбейту мәселесі қаралды. Отырыста ауыл мектептерінің жетістіктері көрсетілді, олардың ішінде инновациялық мектептер де бар. Инновациялық мектеп директорларының назарына «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Pro-Eco жүзеге асыратын жаңа экологиялық байқау ұсынылды. Аталған байқауға Әбу-Досмұхамбетов атындағы облыстық мектеп-гимназия оқушылары қатысып, жүлделі орындарға ие болды.