сыныбында Конкышева Ж.Н. «Қыста қалай киінеміз» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мұғалім сабақта түсіндіру, сұрақ - жауап, баяндау әдістерін қолданды. Сондай- ақ сабақта берілген тақырыпқа мәлімет берді, оқушыларды өз беттерімен әңгімелеу, өзара сөйлесуге бағыттады. Сабақта «Сын тұрғысынан ойлау», «Мәтіннен негізгі және жанама ақпаратты табу», тақырыпқа қатысты бейнематериалды қарап, соның негізінде дұрыс/бұрыс ақпаратты анықтау әдістерін қолданды. Сөздікпен, мәтінмен жұмыстың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы сабақ өз мақсатына жетті.
9«Б» сыныбында Дәулетқұлова Б.С. «Қазақстандағы биотехнология» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мұғалім сабақта слайд, видеофильм көрсетті. «Ой-түрткі» сұрақтарға жауап берді, өз ой- пікірлерін айтты, сөздікте берілген сөздерді қолданды. Сабақта бейнежазбаны оқушылар мұқият тамалашалап, бейнежазба қандай ой салғандығы жайында өз ойларын еркін жеткізді. Сабақты бекітуде Рефлексия: Не білдім? Қандай қиындық болды? Мені қызықтырған тапсырма? Не білгім келеді? сұрақтары арқылы оқушылар өз-өздеріне баға бере алды. Алған білімдерін сарапқа салып, талдау жасады. Сабаққа баға берді.
7 «Г» сыныбында Асылбекова Ғ.Ы. «Қазақтың әншілік өнері» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мұғалім сабақта слайд, видеофильм көрсетті. «Миға шабуыл» әдісі арқылы оқушылардың қызығушылықтарын оята білді, суреттерге қарап мәтінді «Болжау» әдісі арқылы оқушының өздігімен іздену жұмыстарын қолдана білді, «Сәйкестендіру», «Сандар сөйлейді», «Венн диаграммасы» сияқты әдістерді тиімді қолданды. Сабақ тартымды өтті.
2 «Б» сыныбында Бердалиева А.Д. «Сәбіз шырыны дәмді» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мұғалім сабақта берілген тақырып туралы мәліметтер бере отырып, оқушыларды өз беттерімен әңгімелеу, өзара сөйлесуге бағыттады. Сабақ барысында коммуникативтік әдіс арқылы оқушылардың сөйлеуін, қарым-қатынасын жасатты, сұрақ-жауап, суреттер арқылы әңгімелесу әдісімен сөздік қорын молайта білді. Оқушылар байланыстыра сөйлеуге жаттыққан. Сабақта сонымен қатар бейнеролик көрсетіліп, алған білімдерін кері байланыс арқылы қорытындылады.
4 «Б» сыныбында Паримбекова Ж.Н. «Жасанды мұхит» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мұғалім сабақта слайд арқылы, видеофильм көрсетті. Сабақта түсіндіру, тест сұрақтары, сұрақ - жауап, баяндау, «Өзін-өзі бағалау» әдісі, «Кинометафора» әдісі, «Сөзмаржан» әдістерін қолданды. Оқушылар өздігінен жұмыс жасай алды, бір-бірімен пікірлесе білді. Дұрыс сұрақ қоя білді. СТО қызықты талқыланды. Көшбасшылар анықталды. Сабаққа деген белсенділіктері, қызығушылықтары артты. Сабақ өз мақсатына жетті.
5 «Б» сыныбында Баспакова А.К. Дүкенбай Досжан «Жібек жолы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мұғалім сабақты слайд, видеофильм арқылы өткізді. Сабақта сұрақтарға жауап алу, суреттер бойынша диалог құрастыру, өлеңді бейнетаспадан тыңдау әдіс-тәсілдерін тиімді қолданды. Әр оқушы сабақта белсінділік танытып отырды.
Өз ұсыныстары мен пікірлерін айтып, жеткізіп отырды. Алдыңғы білімді тексеру бойынша жұмыс істеу барысында «Ассоциация» әдісін қолданды. Жаңа сабақтан аудиомәтінді тыңдап, берілген тапсырмаларды орындады. Суреттер бойынша диалог құрастырды. Оқушылар кері байланыста дұрыс және қате ақпараттарды анықтай білді.
5 «Б» сыныбында Джорабаева Р.К. «Тәуелсіздік нышандары» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мұғалім сабақта берілген тақырып туралы мәліметтер бере отырып, оқушыларды өз беттерімен әңгімелеу, өзара сөйлесуге бағыттады. Оқушылар байланыстыра сөйлеуге жаттыққан. Сабақта «INSERT» әдісі , «Болжау» әдісі, АВС деңгейлік тапсырмалар,топпен жұмыс жүргізілді. Сабақта сонымен қатар бейнеролик көрсетіліп, оқушылар өз ойларын еркін айта білді.
Сонымен қатар, онкүндік барысында 5- 8 сыныптар арасында ҚР рәміздерінің 30 жылдығына орай «Рәміздерім – мақтанышым» атты эссе байқауы өтті. Эссе байқауына аталған сыныптарда сабақ беретін барлық мұғалімдер үздік оқушыларын қатыстырды. Ең үздік жұмыстар таңдап алынып, оқушылар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.
1-4 сыныптар оқушылары арасында «Ауыз әдебиетіне саяхат» атты сыныптан тыс іс- шара өтті. Іс- шараны бастауыш сыныптарда жұмыс істейтін мұғалімдер: Конкышева Ж.Н., Паримбекова Ж.Н., Бердалиева А.Д., Аяпбекова С.Е. ұйымдастырды. Бастауыш сынып оқушылары қазақ ертегілерінен көрініс көрсетіп, мақал- мәтелдер сайысына белсене қатысты. Жұмбақ шешу мен жаңылтпаш айтуда да шеберлік көрсетті.
9- 11 сыныптар оқушылары арасында өткен сыныптан тыс «Тарихи тұлғалар» зерттеу шығармашылық жұмысы жоғары деңгейде өтті. Шығармашыл, ізденімпаз оқушылар слайд- презентациялар арқылы өз жұмыстарын қорғады. Ең үздік жұмыстар анықталып, шығармашыл оқушылар марапатталды.
Жалпы, орыс сыныптарында қазақ тілі мен әдебиеті пәні онкүндігі ӘБ жетекшісінің басқаруымен, мұғалімдердің жауапкершілікпен қатысуымен ойдағыдай өтті. Барлық жоспарланған ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар жоғары деңгейде өтті. Әрбір өтілген іс-шара өз мақсатына жетті. Мемлекеттік тілді коммуникативтік тұрғыдан меңгертуді қамтамасыз ететін қазақша сөйлесім әрекетінің барлық түрлерін қолдана білді. Ашық сабақтарда ұстаздар оқушылардың сөйлесу, сауатты жазу дағдысын дамытты, жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыруға жол ашты, сабақтан тыс іс-шаралар өткізу арқылы ұстаздар арасында тәжірибе алмасты.