8 наурыз Халықаралық әйелдер күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында «#2 Новоишим орта мектебі» КММ 5-6 сынып оқушылары арасында «Анаға хат» акциясы өтті. Мектеп оқушылары мүмкіндікті пайдаланып, аналарына бірнеше жылы лебіздерін жазды. Балалардың ең жақын адамы – анасына қатысты өз ойлары мен сезімдерін қағаз бетіне сондай ыждағаттылықпен түсіргенін бақылап, көру қуанышты сезімдерді тудырды.