Көктемнің қуанышты күні – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні жақындап келеді! Адам бойындағы жақсы қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен жаралған. "№2 Новоишим орта мектебі" КММ кітапханашылары құрметті асыл аналар, қадірлі әжелерге "О әйел, сіз барлық гүлдерден әдемісіз!» атты мерекелік көрмеміз сіздердің құрметтеріңізге арналады. Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Осы бір тамаша көктем мерекесі әйелге тән әдемілік пен нәзіктіктің мәңгі белгісі сияқты.
Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттің өмірге және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі. Сондықтан біздің елімізде әйел адамның әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға айрықша маңыз беріледі.
Қымбатты ханымдар! Сіздердің атыңызға айтылатын ақ алғыстар мен жылы сөздер ешуақытта толастамасын. Көктемнің басымен келетін мерекелік көңіл-күй Сіздердің сергектіктеріңіз бен күш-жігерлеріңіздің қуат көзіне айналсын. Сіздерге және отбасылыраңызға әрқашан бақыт және сәттіліктер тілейміз.