✅ 2022 жылдың 4 наурызында Ғ.Мүсірепов атындағы аудан педагогтары облыстық бастауыш сынып мұғалімдерінің ассоциациясы қызметі аясында «Ана тілін оқуда оқушылардың сөйлеу тілін, дәстүрлерін қалыптастыру мақсатында тиімді әдістер мен оқырмандарды пайдалану» тақырыбында мастер-класс өткізді.
🔷Балалардың оқуға деген ынтасын арттыру үшін әдіс-тәсілдер қолданды. Орыс тілін сөйлеуде көп қолданатын 1сынып оқушыларының сөйлеу дағдыларын қалыптастыру үшін «Пазл», «Кемпірқосақ», «Кодталған сөз» әдістерін қолданады. Сонымен қатар балаларды топтарға бөліп «Твистер», «Мнемотехника» әдістерін қолдану арқылы да балалардың оқуға деген қызығушылығын арттырды.
🔷Іс-шара соңында педагогтар оның тәжірибелік-бағдарлылығы мен тиімділігін бағалады.