Бүгін білім ордамыз Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейде Әлия Сәрсенқызының құрметіне арналған география кабинетінің ашылу салтанаты болып өтті. Бейсенова Әлия Сәрсенқызы География ғылымының докторы, профессор. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі. Қазақстан Білім беру ісінің Құрметті қызметкері. «Ы.Алтынсарин» атындағы төсбелгінің иегері. Ш.Уалиханов атындағы сыйлықтың лауреаты. Қазақ КСР Еңбек сіңірген мұғалімі. Қазақстанның физикалық географиясы, экологиясы, дүниежүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы бойынша жалпы білім беретін мектептер мен жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар мен оқу әдістемелік құралдардың, монографиялардың т.б ғылыми зерттеу еңбектерінің, ғылыми мақалалардың авторы. Әлия Сәрсенқызы 25-наурызда 90 жасқа толып отыр. Құнды география оқулықтарын жазып, мұра етіп, жазғаныңызға алғысымыз шексіз! Сонымен қатар бүгінгі іс-шараға Әлия Сәрсенқызының ұлы Филология ғылымдарының докторы профессор, Нұр Серікұлы арнайы Мәскеу қаласынан келіп отыр. Және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мәдени іс-жөніндегі проректоры,профессор Дихан Қамзабекұлы, Жаратылыстану ғылымдары факультетінің деканы,профессор Н.Л.Шапекова, Физикалық және экономикалық география кафедрасының меңгерушісі Нұргүл Есенқызы қатысып құрметті қонағымыз болды.