Басты идея – оқушыларды олимпиадалық қозғалысқа ерте тарту, оқылатын пәнге қызығушылығын ынталандыру. Олимпиадаға СҚО жалпы білім беру мекемелерінің 7-8 сыныптарының 6 оқушысы – облыстық кезеңнің жеңімпаздары қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша біздің командада келесі нәтижелер:
1 орын – Шакирова Розалия – «ЛОРД дарынды балалар үшін мамандандырылған облыстық мектеп-лицей-интернаты» КММ 8 сынып оқушысы;
2 грамота – Бакеева Нурай, Құрмашев Әлтайыр – «Білім-Инновация» дарынды балалар үшін мамандандырылған облыстық лицей-интернаты» КММ 8 сынып оқушылары.
Олимпиада қатысушыларын, олардың ата-аналарын және мұғалімдерін құттықтаймыз! Сәттілік пен жоғары жетістіктер тілейміз!