Сыбайлас жемқорлықты жүйелі құбылыс ретінде қабылдай отырып, мемлекет оған қарсы іс-қимыл бойынша кешенді шаралар жасайды және жүзеге асырады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте мемлекет пен қоғамдағы сыбайлас жемқорлық көріністерін азайтуға, сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар адамдарды анықтауға және жазалауға қабілетті нақты шаралар маңызды рөл атқарады.
Сыбайлас жемқорлық тақырыбының өзектілігіне байланысты "№8 жалпы білім беретін орта мектеп-эстетикалық тәрбие кешені" КММ - де "Қызылжар-адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің басшысы Сәлімхан Сәбитовпен 8-9 сыныптардың параллельдерінде сынып сағаты өтті.
Әңгіме барысында қонағымыз елдегі сыбайлас жемқорлық және оның көптеген салалары туралы айтты. Сондай-ақ, балаларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы жұмысымен және оған қарсы іс-қимыл бойынша жаңа жобалармен таныстырды. Сынып сағатының соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын белсенді түрде қойды.
Осындай сынып сағаттары мен әңгімелесулер өскелең ұрпақ арасында академиялық адалдыққа ықпал етеді, өйткені олар біздің болашағымыз болып табылады!