Отбасы - әр адамның өміріндегі ең маңызды нәрсе. Отбасы - біз сүйетін, біз олармен үлгі алатын, біз қамқор болатын, жақсылық пен бақыт тілейтін жақын және қымбат адамдар. Отбасында біз сүйіспеншілікті, жауапкершілікті, қамқорлық пен сыйластықты үйренеміз.
Осыған байланысты 2022 жылдың 8 қыркүйегінде «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-нің кітапханашы Б.А. Мамбеталинованың жетекшілігімен
"Барлығы отбасынан басталады" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты: өскелең ұрпақты өз отбасына деген сүйіспеншілігін арттыру, бауырмалдық, мейрімділік сезімін ояту, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор жасау, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.