«Менің кіші Отаным» ІҮ республикалық байқауының қалалық кезеңі 21 қыркүйек күні 9-10 сынып оқушылары арасында төрт аталым бойынша өтті. Сайысқа облыс орталығындағы жалпы білім беретін мектептерден 42 оқушы қатысты. Қожаберген жырау атындағы №6 қазақ орта мектебінің шәкірттері де бақ сынады. «Менің кіші Отанымның болашағы» аталымдары бойынша өткен бәсекеде 10-сынып оқушысы Қуанышпай Санжар және «Менің туған өлкем» бойынша 10-сынып оқушысы Тілеубай Мадина қанжығаларына І орынды байласа «Менің кіші Отанымның тарихы» бойынша 9-сынып оқушысы Рүстемқызы Кәусар ІІІ орынды еншіледі. Оқушыларымызды дайындаған жетекшілері тарих пәнінің мұғалімдері Ғалия Амангелдіқызы, Эльмира Темірханқызы, Назым Сейдахметқызы және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Айгүл Ораққызы. Бұл байқауда мектебіміздің мерейін өсірген ұстаздарымыз бен шәкіртіміздің әрдайым қоржыны жүлдеге толуына тілектеспіз.