Оқушыларды зерттеу жұмыстарына тарту, талантты балаларға қолдау көрсету, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестіктті арттыру мақсатында 10-17 жас аралығындағы оқушылар арасында 10 номинация бойынша «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» республикалық байқауының облыстық кезеңі өтті. Облыстан 22 оқушы қатысты. Қожаберген жырау атындағы №6 қазақ орта мектебінің 8-сынып оқушысы Марат Ерлан да бақ сынады. «Құрлыс саласындағы модельдер» номнациясы бойынша өзінің SD Family cпорттық кешенін ұсынып, ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі Нурбек Сансызбайұлын да құттықтаймыз.