«Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп» КММ-де 2022 ж. 30.09 Мұғалімдер күні мерекесіне орайластырылған Дублер күні өтті. Іс-шараны ұйымдастырулы өткізу үшін жоспар жасалды. Дублер күні қарсаңында 2022 ж. 29.09 мектеп директорының м.а. Н.В. Золотилина мен директордың ТЖ жөніндегі орынбасары О. А. Елманова дублер-мұғалімдердің рөлін атқаруға тиіс болатын мектеп Парламентінің оқушылары мен 10 «А» және 11 «А» сынып оқушыларын таныстырды, бұл күнді өткізу жоспарын айтты. 2022 ж. 30.09 1-қабаттың фойесінде мектеп парламентінің өкілдері мен 10 «А» және 11 «А» сынып оқушылары барлық мұғалімдерді мерекемен құттықтады. Содан кейін сабақтарды өткізу үшін сыныптарға бөлінді. Барлық білім алушылар өз міндеттеріне адал және жауапкершілікпен қарады. Іс-шараның әрбір қатысушысы күнді өткізуге риза болды, біреу жаңа қасиеттерді ашып, қорқынышты жеңіп, өзіне сенімді бола алды. Дублер күнін өткізу оқушылар үшін өте маңызды, өйткені дәл осы күні балалар қандай мұғалім болу керектігін, сабақ жүргізу қаншалықты қиын екенін түсіне алды. Сабақ аяқталғаннан кейін дублер- мұғалімдері өз әсерлерімен бөлісе алды. Іс-шара соңында дублер-мұғалімдер Мұғалімдер күніне арналған мерекелік концертке шақырылды. Дублер күнін дайындауға және өткізуге қатысқан барлық мұғалімдер мен қатысушыларға алғыс айтамыз.
фотоесеп
#Балаларжыл
#өзін_өзібасқару
#студенттікпарламент
#rumcdo_official