«Мен мықты болсам – Қазақстан да мықты» атты психология онкүндігінің аясында ата-аналар мен оқушылар арасында "Ұлттық ойындар күні" өткізілді. Іс-шараның мақсаты балаларды қазақтың ұлттық салт-дәстүрлеріне баулу. Ойын арқылы балалардың адамгершілік, адалдық, әділдік, сезімталдық қасиеттерін қалыптастыру. Ұлттық ойындарды ойнай отырып, өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттырып, салт-дәстүрлерді сақтай білуге ынталандыру.