2022 ж. 20.10 «Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп» КММ-нің 11 «А» сынып оқушылары үшін кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында Қазақстан Республикасы ІІМ Шракбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының өкілдерімен кездесу өткізілді. №66 (СИ) ОЖБ кадр бөлімінің бастығы Айсенова Раушан Жанатовна оқушыларға оқуға түсу шарттары туралы айтып, Академияның оқу-материалдық базасымен, мамандықтармен, оқуға түсу үшін қажетті құжаттар топтамасымен таныстырды. Сондай-ақ, Академияға түсу үшін конкурстық іріктеуге ҰБТ-дан өткен жалпы орта білім беру ұйымдарының түлектері және тестілеу нәтижелері бойынша кемінде 50 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы бойынша кемінде 5 балл, әр бейіндік пән бойынша кемінде 5 балл жинаған кешенді тестілеуге қатысушылар жіберілетіні атап өтілді.
фотоесеп