«Мен мықты болсам – Қазақстан да мықты» атты психология онкүндігінің аясында 10 сыныптар оқушылар арасында «Жасөспірім және Заң» атты дөңгелек үстел өтті. Мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру. Пікірталас барысында әңгімелесу, жағдаяттарды шешу сияқты жұмыстар жүргізіліп, оқушылар тақырып көлемінде өз пікірлерін білдіріп, ойларын ортаға салды.