Республика күні мерекесіне орай мектебімізде терроризмді алдын алу іс шарасы өтті. АӘ және ТД пәнінің мұғалімі И.С. Мажитов жоғары сынып оқушыларына интерактивті тақта арқылы терроризм бойынша слайдтар көрсетіп, терроризм мен экстремизмнің алдын алу жолдарын көрсетті.
Оқушыларға арнап терроризмнің қазіргі уақыттағы іс-қимылдары туралы арнайы баяндама оқылды. Оқушылырға бейнероликті көрсеткеннен кейін оқушылармен бірге И.С. Мажитов әңгімелесіп, оқушылардың бірқатар сұрақтарына жауап берді.