Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі А.А.Аймағамбетов өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін Қазақстан мұғалімдерін «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгілермен марапаттады. Марапатталған мұғалімдер қатарында № 27 мектеп-лицейінің физика пәні мұғалімі Труфанова Людмила Николаевна болды. Людмила Николаевнаның шәкірттері жарыстар мен олимпиадалардың жеңімпаздары, қазіргі таңда әлемнің түкпір-түкпірінде білім алуда, сонымен қатар әртүрлі салаларда жұмыс істеп жатыр.
Людмила Николаевна, жоғары марапатыңыз құтты болсын! Сізге зор денсаулық, шығармашылық табыс, білім саласында таусылмас қуат тілейміз.