«Самрұқ» дебат клубы жастардың, оқушылар бірлестігінің ерікті ұйымы. Бұл ұйым жастардың бойында шешендік өнерді, көшбасшылық қасиеттерді, ұйымдастыру қабілетін дамыту мақсатында құрылған.
«Самрұқ» дебат клубы №83 Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясыныңоқушыларынан жасақталған. Клуб барлық жұмысын осы мектеппен үйлестіріп отырады.
Дебат клубының мақсаттары мен міндеттері: «Самрұқ» дебат клубы оқушылар арасында парламентаризмді дамыту, сыни көзқарасты қалыптастыру мақсатында құрылған.
«Самрұқ» дебат клубының міндеттері
- Қисынды, риторика мен шешендік дағдыны дамыту;
- Ұйымдастыру қабілеті мен сыни ойлауды дамыту;
- Мектепте белсендіжан-жақты дамыған оқушылармен байланыс орнату.
Мектебімізде әр апта күндері отырыс, дөңгелек үстел ұйымдастырылып отырады.Отырыс барысында клубтың ағымдағы жұмыстары талқыланады және дебат бойынша білім беру жұмыстары мен тренингтер өткізіледі.
«Самрұқ» дебат клубы турнирлерді түрлі масштабта және әр түрлі тақырыптар бойынша өткізеді. Сонымен қатар дәстүрлі турнирлер де өтеді. Дебатқа жаңадан қатарға қосылған жастар үшін жалпымектепішілік турнир өткізіледі.
«Самрұқ» дебат клубының мүшелері алдағы уақытта шыңдалып, үздік спикер қатарынан табылып, биік белестерді бағындырары сөзсіз.