«Ақан мектеп-бөбекжай-бақша кешені» КММ-де бұзақылықтың алдын алу мақсатында тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес 1-11 сыныптар арасында әңгімелесу өткізілді. Мектептегі қорлаудың алдын алу оқушылардың психологиялық денсаулығын сақтауға және жоғары сапалы білім беруді, рухани-адамгершілікті дамыту мен тәрбиелеуді қамтамасыз ететін, сондай-ақ физикалық, психологиялық және әлеуметтік денсаулығын қорғау мен нығайтуға кепілдік беретін қолайлы дамып келе жатқан білім беру ортасын құруға көмектеседі.