Шаңғымен сырғанау сабақтары мектеп оқушыларының қимыл-қозғалыс тәсілдеріне дағдыландыруға, төзімділікті дамытуға, табандылық пен алғырлыққа тәрбиелеуге, денені шынықтыруға бағытталған. Ал Дене шынықтыру пәнінің оқытушысы В.В.Кувшиновтың жеке үлгісі балаларды салауатты өмір салтына ұмтылуға итермелейді.