Бастауыш сыныптар апталығы жалғасуда. Бүгін Искакова Айганым Кабдрашитовна 4”Г” сыныбында қазақ тілі пәнінен “Зат есім” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында “Classroomscreen”, “Flippity”, “Word wall”, “Bouncy balls” онлайн платформалары қолданылды. Мысалы, “Flippity” платформасында оқушылар анаграмманы шешіп, тақырыпты анықтаса, ал “Classroomscreen” бағдарламасы арқылы топтарға бөлініп тапсырмалар орындады. Оқушылар сабақта жоғары белсенділік көрсетті.