2022-2023 оқу жылында 4 және 9-сынып оқушыларын білім жетістіктерінің мониторингіне дайындау жөніндегі іс-шаралар жоспары негізінде ағымдағы жылдың 17 қаңтарында № 2 Саумалкөл мектеп-гимназиясында 9-сыныптарда МОДО (Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі) форматында кезекті сынақ тестілеуі өтті. Білім сапасының деңгейін Мемлекеттік жалпыға міндетті негізгі орта білім беру стандарттарына сәйкестігін тексеру мақсатында қазақ тілінде оқитын сыныптардан 28 оқушы және орыс тілінде оқитын 32 тоғызыншы сынып оқушылары өтті. Қатысу пайызы-86,9.