Кәсіптік бағдарлау кездесулері - оқушылардың кәсіптік өзін-өзі анықтау жұмысындағы маңызды элемент.
2023 жылғы 10 ақпанда "Рузаевка орта мектебі" КММ 9-11 сынып оқушыларының "Айыртау ауданы Саумалкөл ауылының агротехникалық колледжі" КММ өкілдерімен кездесуі өтті.
Әңгімелесу барысында балаларға колледжге түсу шарттары туралы ақпарат берілді. Кездесу соңында оқушыларға ақпараттық парақшалар таратылды.