⚜️ 2023 жылдың 23-25 маусым аралығында Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығы аясында жалпы білім беру ұйымдарының 7-11 сынып оқушылары арасында «Мағжан оқулары» Республикалық ғылыми-шығармашылық байқауы өткізілді.
2023 жылдың 23-25 маусым аралығында Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығы аясында жалпы білім беру ұйымдарының 7-11 сынып оқушылары арасында «Мағжан оқулары» Республикалық ғылыми-шығармашылық байқауы өткізілді.
Мағжан оқуларының мақсаты: Мағжан шығармалары арқылы халқымыздың рухани мұрасын, ұлылар поэзиясын насихаттау, жаңа буынның интеллектуалдық пайым-парасатын арттыру, мектеп оқушыларын классикалық әдебиетті оқуға ынталандыру.
Мағжан оқуларының Республикалық кезеңіне еліміздің 17 облысынан 50 оқушы қатысты. Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және құнды сыйлықтармен марапатталып, барлық қатысушылар ынталандыру сыйлықтарына ие болды.
Бас жүлде – 1; бірінші орын -3; екінші орын – 6; үшінші орын - 9.