Тамыз айының 28-і күні мектебімізде жаңа оқу жылы қарсаңында: "Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт" тақырыбында тамыз педагогикалық кеңесі өтті. Күн тәртібінде:
1. Жаңа 2023-2024 оқу жылының басталуы мен ерекшеліктері.
Мектеп директоры М.Олжабаева.
2. 2022-2023 оқу жылындағы ҰБТ-ның қорытындысы.
Директордың ОТІЖО Г. Т. Султангалиева.
3. Түлектердің еңбекпен қамтылуы. Кәсіби бағдар беруші
Д. С. Сейтенова.
Жаңа білім беру стандартымен таныстыру 2023-2024 оқу
жылының жоспарын бекіту. Директордың ОТІЖО
Ж. Т. Баймуканова.
Сынып жетекшілердің бекітілуі. 1 қыркүйек-алғашқы қоңырау.
Директордың ТІЖО Е.Алгожин.
“Мектепке жол” акциясының жүзеге асырылуы. Әлеуметтік
педагог Ж.Такауова.
Тамыз педагогикалық кеңесінде мектеп директоры М. О. Олжабаева алдағы оқу жылына тың серпін, сәттілік тілеп, 2022-2023 оқу жылында елеулі жетістіктерге қол жеткізген әріптестерімізді құттықтады. Аталған мұғалімдер кәсіподақ ұйымы атынан арнайы марапаттарға ие болды.