10 қазан күні «Ақан мектеп-бөбекжай-бақша кешені» КММ-де ертеңгілік «Мен мықты болсам – Қазақстан да мықты» «Дені сау мен – салауатты Қазақстан» психологиялық сауықтыру онкүндігінің ашылуымен басталды.
Жиын барысында оқушылар психикалық денсаулық күнінің тарихымен танысты. Бастапқыда бұл күннің нақты тақырыбы болмады. Ол адамның психикалық жай-күйіне қатысты өзекті мәселелер бойынша қоғамды жаппай оқытуға бағытталды. Бұл шара көптеген елдерден үлкен қолдау тапты.Бірнеше жыл ішінде ол психикалық денсаулық аспектілеріне маманданған көптеген мемлекеттер мен қоғамдық ұйымдар қызығушылық танытқан дүниежүзілік оқиғаға айналды.
Сондай-ақ жиында студенттер онкүндік жоспарымен таныстырылды.
Мектеп фойесінде «Психологиялық денсаулық онкүндігі» стенді орналасқан.