Қыркүйектің бірінші күні «Антоновка ОМ» КММ - де Білім күніне арналған «МЕКТЕБІМ-МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» атты салтанатты жиын өтті. 24 бірінші сынып оқушысы мектеп табалдырығын аттады, олар үшін жарқын, оқиғаға толы өмірдің, жаңа жетістіктерге толы оқу күндерінің, жауапты да салмақты сынақтардың басталуына арналған алғашқы мектеп қоңырауы соғылды. Бірінші сынып оқушыларына сыйлықтар табыс етілді, оларды сатып алуда «Уголки» АҚ және «Ясмина-Агро» ЖШС ұйымдары демеушілік көмек көрсетті, басшылары Мусханов М.Ж және Садвокасов А.З. шын жүректен алғыс айтамыз.