Меню KDT
Agartu Agartu
Просмотрите список вакансий!
КГУ "«Основная средняя школа Мукагали Макатаева» Шуского районного отдела образования аппарата акимата Жамбылской области»
  • Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
    «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) КММ».
    «Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі»  (уақытша) жүктілікке кетуіне байланысты.
    - Лауазымдық жалақысы: 100000-150000 тг (еңбек сіңірген жылдарына байланысты)
    - Конкурс өтетін орын «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) коммуналдық мемлекеттік мекемесі»
    - Мекеменің мекен-жайы: Шу ауданы, Төле би ауылдық округі, Төле би ауылы, Уаш Асатұлы көшесі, 19/1 ғимараты. Анықтама байланыс телефоны: 3-12-58
    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
     1) Біліктілік талаптары: жоғары білімді,
     2) Лауазымы: мұғалім
             3) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;(57 бұйрықтың негізінде 10-қосымшаға сәйкес
    4)     Жеке басын куәландыратын құжат;
    5)    Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іспарағы және фото;
    6)    Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген
    лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың көшірмесі (бар болса)
    7)    Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
    8)    «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының
    нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДМС-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
    9)    Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
    10) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
            11) Соттылығы жоқтығы туралы анықтама;
    12)     Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог,  педагог-
    модератордың, педагог – сарапшының, педагог- зерттеушінің, педагог- шебердің біліктілік санатының  болуы туралы куәлік (болған жағдайда);
             13)   Бос лауазымға кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
    (57 бұйрықтың 11- қосымшасы негізінде)
    Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды хабарландыру жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (Ресурстық орталық) коммуналдық мемлекеттік мекемесінің.» қабылдау бөліміне тел.:3-12-58 makataev.shu@yandex.kz құжаттарды ұсынуы тиіс. 23.04.2024-02.05.2024 жж. аралығы. Конкурстың өткізілетін күні мен орны: 10.05.2024 жылғы сағат 10:00 – де Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (Ресурстық орталық).
    23.04.2024
  • Педагог по математике (алгебра/геометрия)

    Лауазымдық міндеттері:

     

       мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;

     

       білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;

     

       білім алушыда педагогқа құрметпен қарауға тәрбиелейді, педагогтың аты мен әкесінің аты бойынша сыпайы қарым-қатынас немесе "учитель/мұғалім" тікелей қарым-қатынас арқылы қарым-қатынастың іскерлік стилі мен сөйлеу этикетін сақтауға үйретеді;

     

       білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады;

     

       пәндер бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспарлар, бөлім үшін жиынтық бағалау және тоқсан үшін жиынтық бағалау үшін тапсырмалар жасайды;

     

       бөлім бойынша жиынтық бағалауды және тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу қорытындысы бойынша талдау жүргізеді;

     

       журналдарды (қағаз немесе электрондық)толтырады;

     

       оқу үрдісінде заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;

     

       оқу процесінде қарапайым бағдарламалық қамтамасыз етуді және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қосымшаларын пайдаланады;

     

       білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес тұлғалық, Жүйелік-қызметтік, пәндік нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді;

     

       оқу бағдарламаларын, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға арналған бағдарламаларды әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді;

     

       білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтарын және бейімділіктерін зерделейді;

     

       инклюзивті білім беру үшін жағдай жасайды;

     

       ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушының жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқу бағдарламаларын бейімдейді;

     

       арнайы білім беру ұйымдарында оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, дамудағы ауытқуларды барынша еңсеруге бағытталған білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу бойынша жұмысты жүзеге асырады;

     

       интерактивті оқу материалдары мен цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, қашықтықтан оқыту режимінде сабақтар ұйымдастырады;

     

       әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады;

     

       ата-аналарға арналған педагогикалық консилиумдарға қатысады;

     

       ата-аналарға кеңес береді;

     

       кәсіби құзыреттілікті арттырады;

     

       еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды;

     

       білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;

     

       ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады;

     

       тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады;

     

       білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.

     

       65. Білуге тиіс:

     

       Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзеу арқылы қолдау туралы" заңдары, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;

     

       оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі;

     

       педагогика мен психология;

     

       пәнді оқыту әдістемесі, тәрбие жұмысы, оқыту құралдары және олардың дидактикалық мүмкіндіктері;

     

       педагогикалық этиканың нормалары;

     

       медиация техникасы және қақтығыстарды шешу мүмкіндігі;

     

       оқу кабинеттері мен қосалқы үй-жайларды жабдықтауға қойылатын талаптар;

     

       құқық негіздері және еңбекті, экономиканы ғылыми ұйымдастыру;

     

    •    еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.
    16.04.2024