ӘЙЕЛ
Әсем әуен әйел деген ат қандай!?
Астарында алапат күн жатқандай.
Айсұлулар, Ақботалар …..Ақмаңдай,
Ажарынан алтын нұр –таң атқандай.
Күн нұрынан жандарына нәр алған,
Әйел-алау қызғалдақтай әр алуан.
Әйел-аққу айдындарда таранған,
Сұлулық пен нәзіктіктен жаралған.
Әйел-сыры таусылмайтын сыр еді,
Әйел-Ана тіршіліктің тірегі.
Ана, Ана! Ана жердің жүрегі,
Жүрегі жоқ қайтып өмір сүреді.
Ізгі тілекпен: мектеп әкімшілігі