19 сәуір күні 2014 жылы №49 орта мектеп оқушылары мен қызметкерлері Жалпықалалық сенбілікке шығып, мектеп маңын қоқыстардан тазартып, ағаштар түбін қопсытып, әктеді.
Сенбілікті мектеп директоры Д.М.Джумартова ашып, оқушыларды мен қызметкерлерді қаламызды көркейтіп, тазалығын сақтауға шақырды, әрі сәттілік тіледі. Сонымен қатар, қалалық, республикалық, халықаралық сайыстардың жүлдегер оқушылары Тұрсын Тұмар, Самигуллаев Нұрдаулет ән шырқап, мектеп оқушылары флешмоб биледі.
Оқушылар мен мектеп ұжымы мектеп маңын абаттандыруда зор күш жұмсай отырып, табиғатты қорғауға әркез дайын екендігін дәлелдей түсті.