Көптен күткен мезгіл де жетіп, мектебімізде қыркүйектің 1 жұлдызы күні «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ!» атты тақырыпта алғашқы қоңырау өтті.
Салтанатты жиынға Астана қаласы Сарыарқа әкімшімілік өкілі Молдахметова Фарида Сағынайқызы, ақын, сазгер, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Білім беру ісінің үздігі, Ы.Алтынсарин медалінің иегері Оспан Сүлейменов, Халықаралық «Болашақ» бағдарламасының түлегі, бүгінде Назарбаев университетінің «Өмір туралы ғылымдар» орталығының кіші ғылыми қызметкері Айым Қайырымқызы және мектеп директоры Умарова Алма Қайырболатқызы, мектеп ұстаздары мен оқушылары сонымен қатар ата-аналар қатысты.
Құттықтау сөздің басы мектеп директоры Алма Қайырболатқызына беріліп, мекеме басшысы өз сөзінде мектеп табалдырығын аттаған 1 сынып оқушыларын, мектеп ұжымын, жас түлектер мен ата-аналарды сонымен қатар келген қонақтарды құттықтай келе, өзінің баяндамасын оқыды.
Өз кезегінде сөз сөйлеген қонақтар да ақжарқын тілектері мен жылы лебіздерін білдіріп, мектеп оқушыларына жаңа оқу жылында сәт-сапар тіледі.
Ән айтылып, күй шертілді, мың бұралып би де биленді. Кезек мектеп табалдырығын аттаған 1 сынып оқушыларына беріліп, бүлдіршіндердің әдеби-монжаты тамашаланды. Жиналған қауым мен қонақтардың жүздері жадыраңқы, көңілдері көтерілді болды.
Салтанатты жиыннан соң барлық сыныптарда Елбасының «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ!» стратегиясы тақырыбына арналған сынып сағаттары өтті.