Білім күні – студенттер, ата-аналар мен оқытушылардың барлығы үшін қобалжулы мереке. Мектептердің, колледждердің және институттардың есігі айқара ашылды.
Білім – елдің игілігі құрылатын сенімді негіз. Сондықтан, өскелең ұрпақтың терең білім алуы, өз дарындарын жүзеге асыра алуы, спортпен айналысып, біздің астанамыз бен сүйікті Отанымыздың нағыз патриоты болуы үшін барлық жағдайды жасап жатырмыз.
Биылғы жылы біздің колледж бірінші курсқа «Туризм», «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Автокөлікке техникалық қызмет көрсету, жөндей және пайдалану» мамандықтары бойынша екі жүз студент қабылдады.
Колледж директоры С.Б. Ташенов студенттерге, қызметкерлер мен қонақтарға құттықтау сөзін жолдады. Ол барлығын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, табысты оқу, алға қойған мақсаттарына жету мен жақсы денсаулық тіледі. Серік Балтыханұлы бірінші курс студенттеріне нышанды білім кілтін табыс етті.
- Бұл кілт көптеген есіктерді ашады, осыны есте сақтаңдар! Бұл өмірде көп нәрсе өздеріңе, өмір жолында кездесетін көмектескен адамдарға байланысты. Біз, колледж педагогтары, колледжде алатын білімдеріңнің сапалы және терең болуы жолында аянып қалмаймыз. Колледж қабырғасында өз мүмкіншіліктеріңді жүзеге асырып, болашақта өздерің ұнатқан мамандық иесі бола аласыңдар, - деді.
Салтанатты жиын «Қазақстан – 2050» стратегиясы: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» тақырыбындағы куратор сағаттарымен аяқталды.