Салалар
Талқылаулар
Новость

8-9 сынып оқушылары арасында "Аудан туралы не білеміз?" атты интеллектуалды ойын өтті
Қазанның 1-ші жұлдызында 8-9 сыныптар оқушылары арасында "Аудан туралы не білеміз?" атты интеллектуалды ойын өтті.
Өткізген :Негметова С.Г.
1 қараша 2017 жыл
Тақырыбы: Аудан туралы не білеміз? ( Интеллектуалды ойын)
Мақсаты: Оқушылардың аудан туралы не білетіндерін анықтап, ой- өрісін, білім деңгейін кеңейту.
Түрі: ойын, викториналық сұрақ-жауап
Барысы:
- Ұйымдастыру
Ойынның тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда. Дегендей, бүгінгі интеллектуалды ойынымыз викторина түрінде өтеді. Яғни бүгін біз оқушылар арасында «Аудан туралы не білеміз?» атты интеллетуалды ойынын өткіземіз.
Ойын ІІІ айналымнан тұрады.
1.Бірінші айналым: «Тездет, бірақ қателеспе!» ( 10 минут)
- Шал ақын туралы жалпы мағлұмат
- Шал ақын ауданының әкімшілік құрылымы туралы мағлұмат
2.Екінші айналым: «Суреттер сөйлейді» ( 10 минут)
3.Үшінші айналым: « Жұмыла көтерген жүк жеңіл» жарнама жасау ( 5 минут)
Қорытындылау. ( 5 минут)
1928 жылы Шал ақын ауданының қазiргi аумағында Рыков және Төңкерiс аудандары құрылды. 1930 жылы Төңкерiс ауданына жартылай таратылған Рыков ауданы қосылды. 1940 жылы аудан аты Октябрьский болып ауыстырылды, ал 1963 жылы Сергеев және 1999 жылғы 15 желтоқсанда Шал ақын ауданы болып қайта аталды.
1- тапсырма Шал ақын ауданы туралы жалпы мағлұмат
№1 Құрылған уақыты? (3 қыркүйек 1928 ж)
№2 Тұрғыны 2015 жылғы санақ бойынша ? (20179 адам)
№3 Ұлттық құрамы (қазақтар (45,93 %),орыстар (42,63 %),украиндар (4,47 %),немістер (3,76 %), белорустар (0,84 %), татарлар (0,81 %))
№4 жер аумағы (4841 км2)
№5 тығыздығы ( 4,6 адам км2 )
№6 автомобиль коды (15)
№7 телефон коды ( +771534ххххх)
2-тапсырма Шал ақын ауданының әкімшілік құрылымы туралы мағлұмат
№1 аудан орталығы ( Сергеев қаласы)
№2 ауылдық округтер саны (10)
№3 қалалық әкімдіктер саы (1)
№4 ауыл саны (43)
№5 қала саны (1)
№6 әкімі (Есимов Н.О)
№7 ресми сайты (http://shn.sko.gov.kz/)
«Суреттер сөйлейді»
3-тапсырма сурет бойынша сұрақтар
№1 №2
№3
№5
« Жұмыла көтерген жүк жеңіл» жарнама жасау
4-тапсырма ауданды көркейту үшін не істер едіңдер? ( оқушылар өздерінің ойларын айтады)
Қорытынды
Осымен « Аудан туралы не білеміз?» викторинамыз аяқталды. Көп мағлұмат алдыңдар деп ойлаймын. Бәріңізге де көңіл қойып көргендеріңіз, тындағандарыңыз үшін көптен -көп рахмет айтамын!