Салалар
Талқылаулар
Новость
Астана қаласының 20 жылдығы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында №72 мектеп – лицейінің «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұйымдастыруымен Алматы ауданының №70, №72, №73, №74, №83 көрші мектептері арасында «Зерде» бағыты бойынша «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысы өткізілді.
«XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысы
Астана қаласының 20 жылдығы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында №72 мектеп – лицейінің «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұйымдастыруымен Алматы ауданының №70, №72, №73, №74, №83 көрші мектептері арасында «Зерде» бағыты бойынша «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысы өткізілді.
Мақсаты:
- Нағыз көшбасшыларды анықтау;
- Оқушылар білімдерін шыңдау;
- Мектептер арасында достық қарым-қатынасты нығайту.
Интеллектуалды ойын 5 кезеңнен тұрды.
1 кезең Бәйге
Бәйгеде Ортақ тест түрінде 10 сұрақ оқылады. Жауап ретінде 3 нұсқа берілген. Әр жауап 1 ұпаймен бағаланады.
2 кезең Полиглот
«Полиглотта» жұмбақтар берілген. Оқушылар жұмбақты шешіп, қазақ-орыс-ағылшын тілінде жауап беруге тиіс. Қазақ және орыс тілдерінің жауаптарына бір-бір ұпайдан беріледі, ағылшын тілінде жауап берілген жауапқа 3 ұпай беріледі. Толық жауапқа 5 балл. Осы кезеңде ұпайы аз 2 оқушы ойыннан шығады.
3 кезең Ғажайып жетілік
«Ғажайып жетілікте» оқушылар әр тор көзден өзі білем деген тор көзді таңдап, егерде жауап берген жағдайда сол балдық жүйе беріледі. 2 кезеңде қалған 3 оқушыдан ұпайы аз 1 оқушы ойыннан шығады.
4 кезең Жорға
Жорғада қалған екі ойыншыға 1 минутта 15 сұрақ оқылады.әр дұрыс жауапқа бір ұпай беріледі.
5 кезең Шешендік өнер
Тақырыбы: «Қазақстан Республикасының астанасын Алматы қаласынан Астана қаласына көшірудің маңыздылығы»
Әділқазы алқалары мектептің оқу ісі орынбасарлары Байжанова А.М., Доланова Г.Л.және мектеп ұланбасысы Әпжаппар Әлібек әр кезең бойынша ұпай сандарын есептеп отырды.
Сайыстың қорытындысы бойынша бас жүлдеге №74 мектеп – лицей оқушысы Канапия Айгерим, 1 орынды №73 мектеп – лицей оқушысы Зейнолла Аружан, 2 орынды №72 мектеп- лицей оқушысы Рауия Бәтижамал иеленді . 3 орынға ие болған №83 мектеп – гимназия оқушысы Майданбекова Далила және №70 мектеп – лицей оқушысы Пернебек Айбол.