Салалар
Талқылаулар
Новость

Алғыс айту - игілік сыйлау
Алғыс айту күні –ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні.
Алғыс айту күні –ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні.
Аталмыш мерекені Кеңес орта мектебі де салтанатты түрде атап өтті. Алғыс айту күнін атап өтуіне орай мектебімізде арнайы комиссия құрылып, жоспары бекітілді. Іс-шаралар жоспарға сай уақытылы жүргізіліп отырылды. Оқушылар еліне, жеріне, табиғатқа, отбасына деген ризашылықтарын өлең арқылы жеткізе білді. Шермұхамбет Жаннұрдың орындауындағы «Көңілді күн» атты әні жиналған қауымның көңіл-күйін одан әрі жоғарлата білді. Оқушылар білім мен тәрбие беріп жүрген ұстаздар қауымына өз алғыстарын айтты.
Мектебіміздің Тимуровшылар командасы Күлпаш апай үйіне барып, көмек көрсетуге ниеттенді. Олар ауласының қарын күреп, Күлпаш апайдың ризашылығына бөленіп келді.
Осы мерекеге орай мектепте сынып сағаттары өтті. Сынып сағатының мақсаты балаларға «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту,ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру, үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту,әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу.
Бастауыш сынып оқушылары «Алғыс айту –парызым» тақырыбында суреттер салып, кішігірім көрме ұйымдастырылды. Суреттерінде өз ата-аналарына, туған жеріне, ұстаздарына деген сүйіспеншіліктерін білдірді.
Қорыта айтқанда бұл мерекенің маңыздылығы мен мәнділігі өте ерекше. Алғыс айту – баршаға игілік сыйлау.