Салалар
Талқылаулар
Новость

"Отаным" деп соғып, "Тәуелсіздігім" деп тәу етер болса атты мерекелік іс-шара
Тәуелсіздік - тәңірден келген тәтті сый екенін біз тәрбиелеп отырған өскелең ұрпақта сезініп қана қоймай, аталарымыздың қанымен, аналарымыздың жаны арқылы бізге мұралыққа сақталған тәуелсіздігіміздің қадір-қасиетін бағалап өсуін мақсаттап, патриоттық сезімдерін күшейту.
Кешеніміздің 1-3 сынып оқушылары тәуелсіздіктің 26 жылдығы мерекесі қарсаңында айтулы күнге арнап салтанатты жиын ұйымдастырды. Көрермендер алдында нақышына келтіре тақпақ-өлеңдерін оқып, әуелетеән салып, мың бұрала би билеген бүлдіршендердің бойындағы патриоттық сезімдеріне қызықпау мүмкін емес! Сүйікті ұстаздаырымен сахна төріне қосыла шыққан шәкірттеріміз патриоттық әндер орындаудан бірінен бірі асып түсті.
Әр бүлдіршіннің кеудесі "Отаным" деп соғып, "Тәуелсіздігім" деп тәу етер болса, ертеңіміз еңселі болары сөзсіз.
Мерекелік жиын барысында мектеп директоры мен оқу ісінің меңгерушісі және балабақша әдіскері бір топ үздіктер мен кешеннің белсенді көшбасшыларының мойынына ту түстес галстук байлап, "Жас ұлан" ұйымының «Жас қыран» бөліміне мүше етіп қабылдады. Бұл шара кешенімізде алғаш рет өтіліп отырғандықтан, балалар ерекше сезімде болды. Адал ұрпақ болып, жеріміз бен елеміздің қазынасын бағалап өтуге, білім жолында қашанда үздік болуға анттарын берді.