Мектептің басты қызметі оқушыға білім алуға жан-жақты жағдай жасау болып табылады. Сіздерге білім беру қызметінің ұйымдастырылуы, қаражаттың жұмсалуы, қауіпсіздік шаралары, тәрбиелік-дамытушылық жұмыстар жөніндегі ақпаратты ашық түрде беруге мүдделіміз. 57 орта мектеп сайтында, мектеп бюджеті, атқарылып жатқан іс-шаралар туралы ақпараттар беріліп отырады.
Мектеп директоры мен орынбасарлар Сіздерді мектеп қызметіне байланысты мәселелермен дүйсенбіден жұмаға дейін аралықта жұмыс уақыты аясында қабылдай алады. Сонымен қатар төмендегі кесте бойынша мектеп директоры Қамқоршылық кеңестің қатысуымен жеке қабылдау жүргізеді.
Сейсенбі сағ.:11.00-13.00
Бейсенбі сағ.: 17.00-19.00