Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына байланысты Нұр-Сұлтан қаласы №38 мектеп-лицейінде "Абай-қазақтың бас ақыны" тақырыбында әдеби конференция өтті. Конференцияны қазақ тілі пән мұғалімі, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі, Қазақстанның Үздік педагогы орденінің иегері Рахымбаев Мәулетқали Қыдырбекұлы жүргізе отырып, Абай Құнанбаев туралы құнды деректерді жеткізе білді. Конференция шымылдығы Ахмер Біржанның орындауындағы "Алтын хакім Абай" өлеңімен ашылып, "Бала Абай" сахыналық көрінісімен жалғасты. Мектебіміздің тарих пән мұғалімі Маженов Боранбай Науанұлы "Абай-философ, тарихшы", Абай ауылының тумасы Мұқанов Қадырғазы Камалұлы "Абай әндері хақында", орыс тілі пән мұғалімдері Пшембаева Р.Ж., Каусова Н.К. мен ағылшын тілі пән мұғалімдері Естаева Д.Е., Жантураева Г.Е."Абай-аудармашы", ән-күй пән мұғалімі Ардақ Маратқызы "Абай-композитор" тақырыбында сөз қозғап, Абай Құнанбаевтың жан-жақты шығармашылығымен таныстырды. Мектеп кітапханашылары Төрежанова Г.А. мен Сарина Қ.С. өз тараптарынан кітап көрмесін ұйымдастырып, 11 "а" сынып оқушысы Жомар Жансая "Абайдың табиғат лирикасы" тақырыбында сурет көрмесін ұсынды. Кеш соңы оқушылар шығармашылығымен жалғасып, Абай әндері шырқалды.
Назарларыңызға рахмет!