Ауылым – алтын бесігім
Мұғалім:
Армысыздар, ертеңгі ұрпағына өсиет сөз айтып, тәлім-тәрбие беріп жатқан ұстаздар және ата-аналар! Қайырлы күн, қымбатты да аяулы оқушылар!
/Үнтаспадан ауыл туралы ән тыңдау. Әннің мәніне назар аудару./
Мұғалім:
Дарина: Ауыл қазақтың алтын бесігі, түп төркіні
Ерболат: Ауыл десе кең жайлау, ағынды өзен асқар тау елестейді
Жігер: Ауыл десе асыр салып ойнаған ауылдың қара домалақ баласы елестейді.
Арай: Ауыл десе сиыр сауған апаларымыз, тәтелеріміз, қымыз сапырған әжелеріміз, аналарымыз елестейді.
Дарина: Ауыл десе көктемдегі малдың төлдеуі, құстарға жем шашу, құлын- таймен жарысып ойнау, егін жинау, бүлдірген теру елестейді.
Мұғалім: Ендеше, бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың атты «Ауылым – алтын бесігім» туралы болмақ.
Мәнерлеп оқу. /Жігер/
О, туған жер, кең пейіл, құшағың кең,
Саған көңіл бұлқынар күш – ағынмен.
Сағынышты қанат қып, саған қарай,
Балапандай талпынып ұшамын мен.
Сен де тас та қастерлі, аспан да алау,
Сенде жанды тербетер дастан бар-ау.
Менің мынау өмірге құштарлығым,
Сені жақсы көруден басталған-ау.
Мұғалім:
Бәрекелді, тамаша. Менің ойыма Мұқағали ақынның ауыл жайында жазған өлеңдері келіп жатыр.
Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы,
Бұдан артық рахат табылмайды
Бұлдырасын өткен күн сағымдай бір
Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы
Мұғалім: Ауыл кімдердің мекені? Осы ой төңірегінде сөз қозғасақ.
/оқушылардың ойлары тыңдайық./
Дарина:
Ерболат:
Ауыл – қазақтың алтын бесігі, күре тамыры. Сөз өнерін айшықтап, жырдан кесте төккен ақын жазушыларымыз да, көкірегіне ән қонақтаған әнші, сазгерлеріміз, ата-аңызға айналған даналарымыз, депутаттар, министрлер сол қарапайым ауылдың қара шаңырағынан шыққан.
Арай: менің ойымша ауыл әр адамның ата-тегінің бесігі, арқа сүйері, балалық шақтың мекені. Атамекенге деген махаббат, Атамекенге деген сағыныш ауылдан басталса керек.
Жігер: Осы кең даладан тұңғыш ғарышкер ұшырылды, қаһарман батыр Қасым Қайсенов, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевта ауыл перзенттері.
Дарина: Қазақтың ұлы ақыны Абай, ұлы жазушы Мұхтар, ауылдан шықса, батыр Бауыржан Момышұлы ауыл баласы.
Ерболат: Қазақтың хандары мен батырлары, ғалымдары мен қаламгерлері осы ауыл даласынан қанат қағып қияға ұшқан.
Мұғалім: Міне, бәрі де ауыл балаларынан шыққан қаншама ағаларымыз, апаларымыз. Тіпті, Елбасының өзі ауылдың топырағын, ауасын иіскеп өскен ауыл баласы емес пе? Бар қазақтың тамыры ауылда екеніне, халқымыздың сүйегі де, жүрегі де, ауыл екенін ұмытпайық. Осы біздің ауылымыздан қаншама жоғары қызметте еңбек етіп жатқан аға – апаларымызды мақтанышпен айта аламыз. Олар да сендер сияқты бала болған. Ертең сендер де Бүркітбай Аяған, Тоқпанов Сәдібек, Тәттібаев Ораз, Тұяқ апайларың, Неғмеджанов Нұрғожа ағаларың тағы басқа ағаларың сияқты боласыңдар, ауылды көркейтесіңдер деген сенімдемін. Ақтас ауылынан шыққан мықты азаматтарды көптеп айтуға болады.
Ән: «Ақтас әні». Сөзін жазған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы Кәкімбек Салықов.
Қазір біз «Туған өлкем» атты сөзжұмбақ шешейік.
Енді қазір балалар өзіміз дайындаған бейнеролик тамашалайық. Ауылымыздың көркем жерлері туралы.
Интерактивті тақтамен, слайдпен жұмыс жүргізу.
Ерболаттың дайындап келген мәнерлеп оқуын тамашалайық.
Өтебай Тұрманжанов. Туған өлкем. /Ерболат/
Көгінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен
Неткен сұлу,неткен көркем
Осы менің туған өлкем.
Алтын дәнді даласы бар,
Ақ күмістей қаласы бар.
Неткен сұлу,неткен көркем
Осы менің туған өлкем.
Ер еңбеі щалқып тасқан
Ел еркіндей бақыт тапқан
Неткен сұлу,неткен көркем
Осы менің туған өлкем
Мұғалім: Жақсы, олай болса, ауыл - әр адамның құтты, киелі мекені.
Сен де кеттің, мен де кеттім, ол да кетті ауылдан,
Ұят болды, ұят болды - ау ауылдағы қауымнан,- деген өлең шумағында Мұқағали ағамыз не айтпақ болды?
Арай: Осы бір өлең жолдарында Мұқағали ағамыз бәрімізге ой салып, ауыл жағдайын жырласа, Елбасы жолдауымен « Ауыл жылдары» жарияланғанын білеміз. Бұл тарих беттерінде қала береді.
Мұғалім: үй тапсырмасы берілген болатын. 4 тақырыптан тұратын шағын эссе жазып келу керек. «Ауылымның келешегі менің болашағым» – атты үйге өз ойларыңды жазып келуге берілген болатын Сен ауылың үшін не істер едің?
Мен әлі 5- сынып оқысам да, өз Отанымды көркейтіп дамыту үшін барлығын жасағым келеді. Мен – болашақ үлкен мамандық иесімін, өмір атты керуеннің бір жолаушысымын. Егер де мен дәрігер болсам, неше түрлі ауруларды болдырмайтын жолды тауып, ауылымдағы адамдардың денсаулығын күнде бақылап отырар едім.
2. Сен кәсіпкер болсаң. ...
«Сен де бір кірпіш, дүниеге кетігін тап та бар қалан» деп қазақтың ақыны Абай атамыз айтпақшы, өмірден өз орнын тапқан дұрыс қой. Дегенмен «туған ауылымды тастап кете барамын» деген ойдың өзі менің киелі, құт мекеніме деген сағынышымды қазірден арттыра түседі. Егер де мен кәсіпкер болсам, ауылымда қолымнан келетін әртүрлі шаруашылықты дамытып бірде –бір адамды жұмыссыз отырғызбай, ауылды сақтап қалар едім.
Мен бай болсам «Өз елін сүймеген адам еш нәрсені де сүйе алмайды» — деген . Әркімге туған жері, елі қымбат. Менің ойымша, адам баласы үшін туған өлкесінен артық еш нәрсе жоқ. Себебі, бұл мен түгілі аялаған анамыз, қолпаштаған әкеміз, туған-туыс, жора-жолдастың кіндігінен қан тамған туып өскен жеріміз. Қасиетті осы жерде білім нәрімен сусындатып мектебім, балалық шағым өтіп жатқан ауылым бар. Мен бай, кедей дегенді мүлде болдырмас едім.
«Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас» - дегендей, мен әкім болсам ауылымыздың кең даласын орманын, суын қорғап бай болғысы, кәсіпкер болғысы, дәрігер болғысы келетіндердің жұмысын бақылап, қолдап, түзу жолмен ауылымды басқарып отырар едім.
Мұғалім:
Мың бұрыла билеген,
Аруды кім сүймеген.
Күміс көрмей аруларға
Кімдер басын имеген – ортаға биші Думан Арай қызымызды шақырамыз.
Енді қазір 5 жолды сэнквин құра қояйық. Ауыл туралы, Отан туралы.
Ортаға шыға қойыңдар.
Жігер:
Шұғылалы таңымыз,
Ауыл жері – бағымыз.
Қайнарына мөп-мөлдір,
Сусындайды жанымыз.
Ауыл жері сәніміз,
Мәуесі мол бағымыз.
Саясында жетілер,
Балдай бала шағымыз.
Ерболат:
Гүлденсе, біздің ауылымыз,
Гүлденеміз бәріміз.
Ауылменен әрқашан,
Кіреді біздің сәніміз.
Берекем мен бірлігім,
Ауылымнан таралар.
Ауылым менің көркейіп,
Өркениетті ел болар.
Дарина:
Айналайын ауылым берекеңмен
Бірлігіңнен қаймағы бұзылмаған.
Бойына халқымның бар қайсарлығы,
Құдайы қонақ күтіп аңсарлығы,
Сақталған ауылымда әлі күнге
Қарапйым қазақтың аңқаулығы.
Білімге де бойымды жетеледің,
Ойыма көп ой қосып, еселедің.
Ауылымның ауасын сағынар ем,
Алыс кетсем жүрегім не етер едің?
Туған жерім анамсың сен, досымсың,
Алтын бесік сүйем сені осым шын.
Ызындаған сазды үніне желіңнің
Менің сәби әуенім де қосылсын!
Арай:
Ауылым – ырысы мол құт мекенім,
Мәңгіге ақ бесігін тербетемін.
Саяңда ойнап, өсіп, білім алып,
Алаңсыз асыр салып ер жетемін.
Ер жетіп үмітіңді біз ақтармыз,
Жеріңді ұлтарақтай біз сақтармыз.
Қасиетті Жер-Ана, ауыл-елді,
Көркейтетін болашақ – біз жастармыз.
Мұғалім:
Тектіліктің тамырын тереңге тартқанын ойлайтын халықпыз ғой. Өткенімізден өнеге алар, үлгі болар сәттерін еске түсіріп, естелігін тыңдап, тағылымын ұғынып өсуге арналған бұл тәрбие сағатымыздың мәні зор деп ойлаймын.
Елдің еңсесін көтеру жастардың мойындағы міндеті, бабалар заманнан қалған арман – тілекті алға апарушы жастар екенін әрбір жас білуі тиіс. Құрметті қонақтар, оқушылар Аманаттың ақ ордасы – ауыл. Ауыл мәдениетін көтерейік. Аманаттың ақ жолына қанат қағайық ағайын.
енді бүгінгі сабағымызды әнмен аяқтайық. «Бала тілегі»