3 ақпан күні 2020 ж"Өзін-өзі тану : Махаббат пен шығармашылық" атты онкүндігінің ашылуына байланысты Қазақ мектеп - гимназиясында апталыққа байланысты оқушыларға махаббат, бақыттың құндылық ретіндегі мағынасы және мейірімді адами қасиеті мен өзара көмек әрекеттері сахналық көрініс арқылы түсінік беріп, қамқорлық жасау, көмек көрсету дағдыларын дамыта отыра, рухани адамгершілік қағидаларын өз бақыты үшін дұрыс қолдана білуге болатыны көрсетілді. Оқушылар шараға белсене қатысып, ән шырқап, би билеп, «Өзін-өзі тану» жобасының авторы Сара Алпысқызының өмірі туралы бейнеролик тамашалады.
Әр күнге жоспар жасалынып, «Ең керемет » сайысы , Флешмоб , «Мейірім төгетін ана » кітапхана көрмесі , қайырымдылық акциясы, суреттер әлемі және ашық сабақтар, көңілді сөрелер т.б. байқауы өтетіндігі хабарланды. «Өзін-өзі тану» пәнінің балаларға, ата-аналарға, ұстаздарға берер көмегі зор, бүкіл адамзатқа өзінің жылуын сыйлап, өмірге деген жақсы көзқарасын оятып, бір-біріне деген қарым – қатынастарын жақсартып, өмірдің дұрыс жолына бағыттайды. Бұл іс-шараның ұйымдастырушылары : Өзін-өзі тану ұстаздары және Эстетикалық ӘБ ұстаздары