Бүгінгі күн сыртта қақаған аяз болып жатса іште қарбаласқан шығармашылыққа толы күн болды😃
🕚 Бастауыш сыныптың мұғалімдерімен бірге сыныптың хал ахуалы мен сабақ үдерісіндегі мəн- жайын талқылау;
🕧 Мұғалімдердің біліктілігі мен кəсіби құзіреттілік талаптарына арналған жетілдіру жоспарын ортаға салу;
🕛 Зерттеу сабақтарынан кейінгі шағын топтармен дөңгелек үстел басындағы кəсіби сұхбат;
🕜 Алдағы аптаға жоспарланған зерттеу сабақтарының жобаланған құрылымы мен ескерілуге тиіс əдіс-тəсілдерінің ретін бағамдау;
Қысқасы рефлексивті орта құрып, біршама жасалған жұмыстарға кері байланыс беріп өткен сəтті күн болды, əрине мұның барлығы білікті басшының көреген саясатын қажетті əрі тиімді уақытта қолдана алуының арқасында деп білеміз📚🖊📋