Биылғы жылы мектебімізде 1 – наурыз «Алғыс айту» мерекесі қарсаңында айтулы іс-шаралар өткізілді. Бұл біздің ғажап мемлекетіміздің ұлт пен ұлттар арасындағы достықтың, татулықтың, Тәуелсіздіктің, жомарттылықпен, алғырлықты белгілеп тұрғандай. Көптеген ұлт өкілдері мекен еткен Қазақ жерінің мерекесі. Осыған орай мектебімізде «Алғыс айту парызымыз» тақырыбында 1-4 сынып оқушылары арасында тәрбие сағаты өткізілді. Бастауыш сынып оқушыларына алғыс айту жайлы түсіндіріліп,оқушылардың ойы тыңдалды. Оқушылар өздерінің аналарына, Елбасына, ұстаздарына көбірек алғыс айтатындығы анықталды. 5-9 сыныптар арасында «Шын жүректен алғыс айтамын» атты дөңгелек үстел өткізіп, өз ойларын ортаға салды. Адамдар жасына, ұлтына, нәсіліне қарамай бір-бірін сыйлап, түсіне білсе жақсы қарым-қатынас жасауға қол жеткізетіндігіне, өзара сыйластық достыққа әкелетіндігі жайлы айтылды. Мектеп бойынша мерекеге орай флэшмоб ұйымдастырылды. |