![](//cdn1.kdt.kz/files/sites/1383501698167639/files/042403fe55c16085d28a79f55b191ca9_original.293465.jpeg)
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысы өтті.
Ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес:
Екінші тоқсаннан бастап оқушылар саны 300 балаға дейін болатын қала және ауыл мектептерінің жұмысы дәстүрлі форматқа көшіріледі;
Ата-аналардың өтініші бойынша 1 сыныптан 5 сыныпқа дейін кезекші сыныптарда оқуға рұқсат етіледі.
Бұл жағдайда санитарлық-дезинфекциялық режимді, маска режимін, шахмат ретімен отырғызу және әлеуметтік ара қашықтықты сақтау міндетті.