Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсы Ғылым мен техника бойынша Халықаралық жарыстардың Ғылыми конкурсын (Intel International Science and Engineering Fair (бұдан әрі – Іntel ISEF)) жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) өткiзедi.
Ғылыми конкурстың мақсаттары мен мiндеттерi:
1) оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру;
2) ең талантты және дарынды жас зерттеушiлердi iрiктеу және оларға қолдау көрсету;
3) Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетiн қалыптастыруға ықпал ету.
Ғылыми конкурс төрт кезеңде өткізіледі:
1) бірінші кезең - мектепішілік, аудандық орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында өткізіледі;
2) екінші кезең - іріктеу (қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы жобаны алдын ала сараптау) облыстық білім беру ұйымдарымен өткізіледі;
3) үшінші кезең - облыстық (Алматы және Астана қалаларының білім беру ұйымдарының конкурстары, республикалық білім беру ұйымдары (бұдан әрі - РБҰ) мен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдары (бұдан әрі - «НЗМ» ДББҰ), мәртебесі жағынан облыстық жарыстармен теңестіріледі). Осы кезең екі турда өткізіледі; Бірінші тур - жобаны қорғау, екінші тур - бейіндеу пәндері бойынша тестілеу;
4) төртінші (қорытынды) кезең - республикалық. Осы кезең екі турда өткізіледі. Бірінші тур – іріктеу (жаратылыстану - математикалық бағыттағы жобаны алдын ала сараптау), екінші тур - жобаны қорғау.
2020 жылғы 10-13 қараша аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі өтті.
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы облыстық қазылар алқасының құрамына кіріп, біздің өңір оқушыларының 152 ғылыми жұмысын бағалады.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңіне мектебімізден 4 жоба (1 командалық, 3 жеке), 5 оқушы қатысқан болатын.
Ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінің жеңімпаздар
ТІЗІМІ
№ | Қатысушының аты-жөні | Орын | Ғылыми жетекшісі |
«ЭКОНОМИКА» секциясы |
1 | Байкенова Сағыныш | 1 | Кулитаева Азиза Муслимовна |
«ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ» секциясы |
2 | Жоламан Елдана | 3 | Ережепова Алтынай Тураровна |
«ТАРИХ» секциясы |
3 | Есен Айкумис | 2 | Зулкарнаева Жадра Темиргалиевна |
Іріктеу кезеңіне 1 және 2 орын алған оқушылар өтеді.
Конкурсқа қатысқан барлық оқушылар мен жоба жетекшілеріне алғыс айтамыз!
Жүлделі орын алған оқушыларды құттықтаймыз!!!
Іріктеу кезеңіне жолдама алған оқушылар мен жоба жетекшілеріне сәттілік тілейміз!!!