«ЭкоАсар-2. Пластик» қоғамдық бастамасы
Слоган:«Қалдықты өңдеу – досқа демеу!»
Бастаманың мақсаты: Пластикті таңбалау, оны қайта өңдеу бойынша экологиялық мәдениетті қалыптастыру, мектеп кітапханаларына көркем әдебиеттер сатып алу мақсатында бизнес объектілерінде қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау жұмыстарына қамқорлық кеңес құрамын тарту.
«ЭкоАсар-2. Пластик» акциясы бойынша біздің 5-11 сынып оқушыларына сынып жетекшілер экосағаттар өткізді. Соның ішінде 6 "Г" мен 8 "А" сынып жетекшілері онлайн форматта экосағаттар өткізді.
5 «А» мен 6 "Г" сыныбының оқушылары өз қолдарынан шыққан туындыларды ұсынды. Әртүрлі пластик,қағаз өнімдерінен керемет туындылар жасап шықты.
#myecoschool #recyclekz #ecoasar