«Шежіре күні» Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында 15 наурыз - Шежіре күні аталып өтті. Бұл күні отбасының, ел-жұрттың, жеті атаның тарихы айтылып, шежіресі таратылады. Әр отбасының үлкендері өмірден өткен ата-бабаларының, ағайын-бауырдың жақсы істерін, қуанышты сәттерін кейінгі ұрпаққа әңгімелейді. Елдің, өлкенің тарихы, ерлігі баяндалады. Шежіре күні мектебімізде тарих пәні мұғалімі Ергалиева Зайра Капезқызының ұйымдастыруымен аталып өтті. Орта буын оқушылары: Шежірені білу бүгінгі күні міндетті болып табыла ма? - деген сұрақ төңірегінде өз ойларын ортаға салды. Қазақ шежіресінің маңыздылығы мен жеті атаның қажеттілігі туралы да сөз қозғалды. Түрлі пікірлер айтылып, дәлелдер келтірілді. Шара соңында негізгі түйін ретінде шежірені білгеніміз дұрыс деген қорытынды ой айтылды.