Салалар
Талқылаулар
Новость

Ақпарлама
Мұнайлы аудандық оқу әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2022-2023оқу жылының 5мамыр күні 8 «А» - сынып оқушыларымен «Асқақ елдің айбынды ұланымыз» тақырыбында ерлік сабағы өткізілді.
Ерлік сабағының мақсаты:жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеу, Отанын, елін, жерін шексіз сүйе білуге баулу, Отан қорғауында жүрген азаматтарды құрметтей білуге, сыйлай білуге баулу;
Ерлік сабағына Мұнайлы аудандық әскери бөлім басшысы қатысты. Әскери қызметкермен оқушылар арасында өте тартымды әңгіме орнап, соңы оқушылардың сұрақ-жауабына ұласты. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, ойда жүрген пікірлерімен бөлісті. Сабақ соңы мерекелік ән-күймен жалғасып, оқушылардың есінде қаларлықтай қызықты өтті.